Түркістан облысында нөсер жаңбырдан 20 аула суға кетті, 13 ұсақ мал қырылып, тағы бір бала көз жұмды

Түркістан. 26 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында нөсер жаңбырдан 20 аула суға кетті, 13 ұсақ мал қырылып, тағы бір бала көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін 26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын жауды.
Табиғи құбылыстардың салдарынан облыстың 3 ауданында (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды.
Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар құрылды», - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізілуде.
«Сонымен қатар, қараусыз қалған баланың қайтыс болған қайғылы оқиғасы орын алды. Қазығұрт ауылында 09-30 шамасында, 2020 жылғы бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы жаңбыр суымен толған шұңқырға құлап, суға батып кетті», - деді Иманқұлов.
ТЖМ су тасқыны кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, оларды ұстануды ескертеді.
«Қажетті құжаттарды, құндылықтарды, дәрі-дәрмектерді, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды тез жинау қажет. Балаларға, мүгедектерге және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Оларды бірінші кезекте эвакуациялау қажет. Мүмкіндігінше су тасқыны аймағынан дереу кету керек. Үйден шықпас бұрын электр және газбен жабдықтауды өшіріп, пештердегі отты сөндіріңіз. Терезелер мен есіктерді жабыңыз. Малды босатыңыз. Жоғарғы қабаттарға көтеріліңіз. Су астында қалсаңыз ауыр киім мен аяқ киімді шешіп алыңыз, көмек келгенге дейін қолдануға болатын заттарды тауып алыңыз. Су азайғаннан кейін үзілген және салбыраған электр сымдарынан сақ болыңыз. Суға түскен азық-түлікті пайдалануға және тиісті санитарлық тексерусіз суды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Тұрғын үйге кірер алдында су азайғаннан кейін сақтық шараларын сақтаңыз: бөлмені желдету үшін есіктер мен терезелерді алдын ала ашыңыз, желдету алдында ашық отты пайдаланбаңыз (газдардың жарылғыш өрт қауіпті концентрациясы болуы мүмкін), электр желілерінің жарамдылығын тексермес бұрын жарықтандыру және басқа да электр құрылғыларын қосуға тыйым салынады», - деді ТЖМ.

adimage