Тараз әкімдігі орындалмаған жұмысқа 75 млн теңге қаражат жұмсаған- прокуратура

   Тараз. 4 сәуір. ҚазТАГ- Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен 75 млн теңге қаражат төлену дерегін анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
   «Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижеcінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады»,- делінген хабарламада.
   Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді.
   Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Фото көзі: pixabay


adimage