Тоқаев: алдымызда күрделі кезең тұр, біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз

   Астана.19 сәуір.ҚазТАГ- Қазақстан үкіметі азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуі тиіс.
   "Біз азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Сондықтан алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз. Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр. Әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кетті. Мемлекеттер қарызға белшеден батты ”, – деді Тоқаев.
   Оның айтуынша, сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады
   «Мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналғанын атап өткен. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды”, – дейді президент.

adimage