Тоқаев бір айдан кейін «Ұлттық құрылтайдың» өтетінін хабарлады

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдан кейін «Ұлттық құрылтайдың» өтетінін хабарлады, деді агенттік тілшісі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев келесі айда жаңа диалог алаңы – «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтетінін хабарлады. Бұл жиын елімізді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға бағытталған. Бұл жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады», - деді Тоқаев жұма күнгі Қазақстан Халқы ассамблеясының XXXI сессиясында.
Оның айтуынша, Құрылтайдың құрамына депутаттар, ҚХА мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірдің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, бейресми ұйымдардың, бизнес қауымдастықтар мен өндіріс саласының өкілдері кіреді.
«Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», - деді Тоқаев.

adimage