Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді

   Орал. 4 сәуір. ҚазТАГ- Қасым- Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі деп күтілуде. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді”, – делінген хабарламада.
   Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында су тасқыны болып, тұрғын үйлерді су басты.
   БҚО-да барлығы 4525 адам адам эвакуацияланды, оның 1771-і балалар. Қауіпсіз орындарға 1425-тен астам ірі қара, 2004 бас ұсақ мал және 33 бас жылқы айдалған.
  Барлығы 764 мың метрден астам еріген су сорылып, 161 мыңнан астам қап төселді.

adimage