Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы.
«Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті»,- деп мәлімдеді Ақорда.
Қатысты сілтемелер
-
«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel-ді катар компаниясына сату туралы шешім қабылдады4 Мамыр 2024, 17:54
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,52-ге өсіп, Т441,58 болды4 Мамыр 2024, 17:30