Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

   Астана. 22 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа облыстың әкімі Нұрлан Уранхаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  "Президент облыс әкімі Нұрлан Уранхаевты қабылдады. Мемлекет басшысына жаңадан құрылған Абай облысындағы қазіргі жағдай туралы мәлімет берілді", - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Уранхаев өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру, жергілікті халықты жылумен қамтамасыз ету, ЖЭО-3, әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер мен ауруханалар, сондай-ақ жолдар салу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы айтты. Оның айтуынша, басым міндеттердің бірі – облыстың инфрақұрылымын қалпына келтіру.
  "Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді қалпына келтіру және дамыту мәселелерін жүйелі түрде шешуді тапсырды", - деп толықтырды Ақордада.
   Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан Облысы екі бөлек өңірге-орталығы Өскемен қаласы бар ШҚО және Орталығы Семей қаласы Абай облысына бөлінген болатын.

adimage