Транскаспий бағыты бойынша төрт айда 733 мың тонна жүк тасымалданды

   Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ-733 мың тонна жүк төрт айда Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) арқылы тасымалданды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы"ұлттық компаниясы" АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі.
   "2022 жылдың төрт айында ТХКБ бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 733 мың тоннаны немесе 5 мыңнан астам вагон мен 10 мың ЖФЭ контейнерлерін (жиырма футтық эквивалент – ҚазТАГ) құрады", - делінген сәрсенбі күні хабарламада.
  Ұлттық компанияның деректері бойынша, 2022 жылы контейнерлік тасымалдардың 2021 жылғы деңгейге қарағанда екі есе – 50 мың ЖФЭ дейін өсуі күтілуде.
  "Болжам бойынша, биыл тасымалдау көлемі алты есеге – 3,2 млн тоннаға дейін өседі", - деп болжайды ҚТЖ.

adimage