Қызылорда облысында білім беру саласында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

   Қызылорда.18 сәуір.ҚазТАГ- Қызылорда облысында білім беру саласында шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
  «Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды»,- делінген сейсенбі күні «антикор» хабарламасында.
   Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

adimage