Қызылорда облысында жеңіл көлік жүргізушісі КамАЗ-ға соғылып қаза тапты

   Қызылорда. 18 тамыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысында жеңіл көлік жүргізушісі КамАЗ-ға соғылып қаза тапты, деп хабарлады ІІМ ресми интернет-ресурсы.
   «17 тамыз күні "Самара-Шымкент" тас жолында Audi жүргізушісі КамАЗ тіркемесіне соғылған. Екі көлік те бір бағытта жүріп бара жатқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды»,- делінген хабарламада.
   Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк жүргізетін адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
   Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.

adimage