Жұма күні Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашынды, таулы аудандарында да жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), шығысында, орталығында да жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Қазақстан бойынша тұман түседі, жел тұрады, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркірейді, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа райы күндіз +7+9, түнде -3-5 шамасында.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 3-8, күн күркірегенде екпіні 18 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +7+9, күндіз +13+15.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +19+21, түнде +10+12.
Ақмола облысында күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +7+12. Алматы облысында түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде +5+10.
Жетісу облысында жаңбыр жауады.
Түркістан облысында ертеңгісін және күндіз оңтүстігіндегі тауларда жаңбыр жауады. Күндіз +19+24, түнде +9+14.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +21+26, түнде +5+10.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +6+11.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Ақтөбе облысында түнде батысында, солтүстігі мен орталығында, күндіз шығысында жаңбыр жауады. Күндіз +11+16, түнде +2+7.
Қостанай облысында түнде солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +12+17, түнде -3+2.
Солтүстік- Қазақстан облысында түнде шығысында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде -4+1.
Павлодар облысында түнде оңтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде -1-6.
Қарағанды облысында түнде қар аралас жаңбыр жауады, күндіз шығысында жаңбыр жауады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Ұлытау облысында түнде шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +8+13, түнде -1+4.
Шығыс Қазақстан облысында түнде барлық аумағында қар аралас жаңбыр жауады (оңтүстігінде қалың қар жауады), күндіз оңтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7, түнде 0-5.
Абай облысында түнде барлық аумағында, күндіз оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7, түнде 0-5.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Жамбыл облысында тауларында күн күркірейді. Күндіз +13+18, түнде +6+11.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде қалың жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. Жазықтықтағы өзендерде ауа температурасының көтерілуіне орай қар суының қалыптасуы, мұздардың әлсіреуі, өзендере су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. РФ шекарасынан судың келуіне байланысты Жайық өзенінің су деңгейі арнасынан артуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage