Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран мен қар болады деп күтілуде

   Астана. 1 желтоқсан.ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран мен қар болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Биылғы жылы қыс Қазақстанға қараша айының соңында келді, ауа-райының нашарлауы және күрт салқындауы барлық Қазақстандықтарды таң қалдырды. Желтоқсан айында ауа температурасы төмендей береді, қар мөлшері артады.Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар, жаяу бұрқасын, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі»,-делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашаынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 23-25, күндіз 19-21 градус аяз болады.
   Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Батыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 1-3 градус аяз.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1 аяз-1 градус жылы болады.
Ақмола облысында күндіз -17-22, түнде -23-28.
Алматы облысында күндіз 0,-5, түнде -2-7.
Жетісу облысында күндіз-3-8, түнде -8-13.
Түркістан облысында күндіз -2+3 (солтүстікте -6), түнде -5-10 (солтүстікте -14).
Батыс Қазақстан облысында күндіз -6-11 (онтүстікте -3), түнде -9-14 (шығыста -17).
Атырау облысында күндіз -1-6, түнде -8-13.
Манғыстау облысында күндіз -2+3 (солтүстік шығыста -6), түнде -2-7 (солтүстік шығыста -11-16).
Ақтөбе облысында күндіз -12-17 (батыста -7), түнде-12-17 (батыста -9, шығыста -20).
Қостанай облысында күндіз -15-20 (оңтүстікте -12), түнде -22-27 (оңтүстікте -12-17).
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз-16-21, түнде -23-28 (батыста -20).
Павлодар облысында күндіз -17-22 (оңтүстікте -25), түнде -23-28.
Қарағанды облысында күндіз -13-18 (солтүстікте, шығыста -21, оңтүстікте -13).
Ұлытау облысында күндіз -10-15 (солтүстікте -18), түнде -15-20 (оңтүстікте -12).
Шығыс- Қазақстан облысында -15-20 (оңтүстікте -12), түнде -25-30 (солтүстік шығыста -33, оңтүстікте -17-22).
Абай облысында күндіз -13-18 (оңтүстікте -10), түнде -25-30 (оңтүстікте -15-20).
Қызылорда облысында күндіз -7-12, түнде -13-18.
Жамбыл облысында күндіз-1-6, түнде -5-10.

adimage