Жұма күні Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«01 наурызда Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алаколь көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с», – делінген хабарда.
01 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 01 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
01 наурызда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
01 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 01 наурызда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.
01 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 01 наурызда тұман күтіледі.
01 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 01 наурызда тұман күтіледі.

adimage