Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз сақталады

Астана. 23 ақпан. ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде күн аяз, жауын-шашынсыз, тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын болады, көбіне қар жауады, көктайғақ, жаяу сырма соғады, жел күшейеді. ҚР бойынша тұман түседі. Абай облысының шығысында -40, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -42 дейін аяз сақталады»,- делінген хабарда.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -26-28 және күндіз -15-17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -8-10 және күндіз 0-2.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде қар ажуады, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3-5 және күндіз 0+2.
Ақмола облысында оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Күндіз -13-18, түнде -29-34.
Алматы облысында күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде тауларында қар жауады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Жетісу облысында күндіз батысында, оңтүстігі мен шығысында тауларында қар жауады. Күндіз -4+1 және түнде -10-15.
Түркістан облысында кей жерлерде тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -3+2 және түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -10-15 және түнде -22-27.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -25-30.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -18-23 және түнде -30-35.
Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық. Күндіз -20-25, түнде -32-37.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -27-32.
Қарағанды облысында қар жауады. Күндіз -13-18, түнде -15-20.
Ұлытау облысында қар жауады. Күндіз -13-18, түнде -15-20.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -12-17 және түнде -32-37.
Абай облысында батысы мен орталығында қар жауады. Күндіз -12-17, түнде -30-35.
Қызылорда облысында түнде шығысында қар жауады. Күндіз -4+1, түнде -10-15.
Жамбыл облысында күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде тауларында қар жауады. Күндіз 0-5 және түнде -3-8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage