Жұмысқа орналасудың артықшылығы диплом емес, сертификат болады-Дүйсенова

  Астана.5 желтоқсан.ҚазТАГ- Жұмысқа орналасудың артықшылығы диплом емес, сертификат болады, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
   «Бүгінгі таңда дипломның болуы жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік деңгейінің дәлелі емес екенін мойындау керек. Осы орайда заң қабылданған соң, қызметкердің нақты біліктілігі мен құзыретін растайтын сертификаттың болуы жұмысқа тұруда артықшылыққа айналады»,- деді Дүйсенова, Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде.
Сонымен қатар, сертификаттар тек ресми ғана емес, сонымен қатар ресми емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі.
«Бүгінгі таңда дипломның болуы жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік деңгейінің дәлелі емес екенін мойындау керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көпшілігі нақты тәжірибенің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болып отыр. Осы орайда ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын. Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы әзірленді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленетін болады. Оның айтуынша, бұл бағытта сертификаттау жүйесі енгізіледі. Мұнда азаматтардың білімін практикада қолдана алу мүмкіндігі, белгіленген жұмысты алып кете алатындай біліктілігі бағаланып, осыдан кейін сертификат беріледі. Сертификаттар тек ресми ғана емес, сонымен қатар ресми емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі», - деп баяндады Дүйсенова.

adimage