Жанболат Мамайға тағылған айып өзгертілді

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Саясаткер Жанболат Мамайға тағылған айып өзгертілді, деп мәлім етті оның жұбайы Инга Иманбай.
«24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған деген айып алынып тасталды. Қазір оның ісін ҚР Қылмыстық кодексі 400 бабына өзгертті – «Заңсыз митинг ұйымдастыру». Және ол әлі де қамауда, оған сот және жаза қаупі төніп тұр», - деді Иманбай Адам құқығы жөніндегі Еуропарламент комитетінің отырысында.
Еске салсақ, Мамай наурыздан бері қамауда.

adimage