Жанбота Алдабергенова Финляндияда фристайл-акробатикадан Әлем Кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстандық Жанбота Алдабергенова Финляндияда фристайл-акробатикадан Әлем Кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Рукеде Әлем Кубогы кезеңінде (Финляндия) үшінші болды. Өз өнері үшін спортшы 80.04 балл алды. Бұл оған "қоламен"аяқтауға мүмкіндік берді», - делінген хабарда.
Бірінші орынды Даниэль Скотт (Австралия) иеленді. Марион Тхенолт (Канада) екінші болды.

adimage