Жас қазақстандық Алан Құрманғалиев Польшада WTT Youth Contender турнирінде «күміске» ие болды

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Жас қазақстандық Алан Құрманғалиев Польшада үстел теннисі бойынша WTT Youth Contender турнирінде «күміске» ие болды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінен.
«Алан Құрманғалиев Польшада өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде екінші орынға ие болды. 17 жас санатында ол Джузеппе Каларко (Италия), Егор Ларков (Литва), Петр Гавлас (Польша), Рохелио Кастро (Мексика), Ли Хоюна (Корея), Натана Лама (Франция) сынды спортшылардан басым түсті», - делінген жексенбідегі хабарда.
Тек финалда корейлік О Чжун Суннан жеңілді.

adimage