Жеті жыл іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды

Шымкент. 11 мамыр. ҚазТАГ – Жеті жыл іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осындай кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Іздеуде жүрген ер адамды полицейлер Шымкент қаласынан ұстады», – делінген хабарда.
Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан аталған азаматты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

adimage