Талдықорған.26 қазан.ҚазТАГ- Жетісу облысында адам өліміне қатысы бар күдікті бір ай дегенде ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
«Ескелді ауданының полицейлері ауылдасының өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған, іздеуде жүрген 43 жастағы күдіктіні ұстады. Ол аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Оқиға 16 қыркүйек күні Алдаберген ауылында орын алған.
«Екі жергілікті тұрғын жанжалдасып қалады. Басынан ауыр жарақат алған ер адамның бірі ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің тырысқанына қарамастан, сол жерде қайтыс болды. Күдікті жасырынып, көп ұзамай мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Белгілі болғандай, ер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтегені анықталды», - делінген хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жасырынғаны анықталды.
Іс ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіліп жатыр.