Жетісу облысының Қытаймен шекаралас ауданындағы 114 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды

   Талдықорған. 12 сәуір. ҚазТАГ- Жетісу облысының Қытаймен шекаралас ауданындағы 114 жер телімі мемлекет қорына қайтарылды, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
   «Жетісу облысы прокуратурасы Панфилов ауданында жалпы көлемі 155 гектар болатын 114 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
  «Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған. Осы жылдың өткен кезеңінде мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды»,- делінген хабарламада.

Фото көзі: Википедия


adimage