Жоғары жетістіктер спортын дамытуға бюджеттен Т456,6 млрд бөлуді сұрауда

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Жоғары жетістіктер спортын дамытуға бюджеттен Т456,6 млрд бөлуді сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жоғары жетістіктер спортын дамыту», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 - 82 793 666; 2024 - 107 347 199; 2025 - 101 354 801; 2026 - 81 900 291; 2027 - 83 217 280», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т456 613 237 000.
Жоба мақсаты - жоғары жетістіктер спортын дамыту және спорт объектілерін пайдалануға беру.
«Міндеттер: - халықаралық деңгейдегі ресми спорттық іс-шараларда жеңіп алынған медальдар саны 2024 жылға – 850 дана, 2025 жылға – 860 дана, 2026 жылға – 870 дана;
- спорт құрылыстарының жылдық жүктілігі республикалық спорт құрылыстарының нақты жүктілігінің үлесі 2024 жылы – 85,6% дейін жеткізу, 2025 жылы – 87 % дейін жеткізу; 2026 жылы – 88 % дейін жеткізу;
- дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандардың үлесі 2024 жылы 18 % дейін жеткізу, 2025 жылы – 19 % дейін жеткізу; 2026 жылы 20 % дейін;
- Қазақстанның ұлттық құрама командасын спортшыларының жалпы санынан Қазақстанның ұлттық құрама командасын тереңдетілген медициналық қаралумен қамту 2024 жылы 58,8 % дейін, 2025 жылы – 59,8 % дейін, 2026 жылы – 60,3 % дейін жеткізу;
- бейінді бағыт бойынша біліктілігін арттырудан өткен дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық ұйымдардың спорт мамандары үшін 2024 жылы 56,8 % дейін, 2025 жылы 56,9 % дейін, 2026 жылы 57 % дейін», - деп жазылған жобада.

Фото көзі: pixabay.com


adimage