Журналистика ардагері Тамара Калеева «Әділ сөз» қорының басшысы қызметінен кетті

Алматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан журналистикасының ардагері Тамара Калеева «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті қызметінен кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұл күнге де жеттім! «Әділ сөзде» ширек ғасыр тер төккен екенмін – енді еркінмін! Шағымдар емес, енді өлең оқимын, қыдырып, уақытымды барынша көңілді өткізетін боламын, мүмкін трилогия немесе одан да керемет нәрсемен айналысатын шығармын...» - деп жазды сейсенбі күні Калеева әлеуметтік желідегі парақшасында. Калеева 1999 жылы «Әділ сөздің» негізін қалап, осы уақытқа дейін басқарып келді. Әр жылдары Қазақ радиосында, «Казахстанская правда» және «Аргументы и факты» басылымдарында жұмыс жасады, Қазақстан Журналистер одағы басқармасы төрағасының уақытша міндетін атқарушы да болды, «Транспаренси Казахстан» қоғамдық қорының құрылтайшысы болып табылады.

adimage