Жылу-электр энергетиканы дамытуға бюджеттен Т196 млрд астам сұрауда

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі жылу-электр энергетиканы дамытуға бюджеттен Т196 млрд астам сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жылу-электр энергетикасын дамыту», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 - 89 174 597; 2024 - 58 447 948; 2025 - 42 155 724; 2026 - 6 335 539», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома - Т196 113 808 000.
Жоба мақсаты - ел экономикасының жылу және электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету.
«Міндеттер: Өңірлердің электрмен үздіксіз жабдықтаудағы қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуі (ЖАО өтінімдеріне сәйкес): 2025 жылы – 100%, 2026 жылы - 100%», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage