Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды

Жарияланды
Бұл шешім Еуроодақтың Брюссельдегі саммитінде айтылды

Еуроодақ Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесінберді. Бұл шешім Еуроодақтың Брюссельдегі саммитінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрынғы кеңестік екі республиканың ЕО мүшелігіне өтінімдері рекордтық қарқынмен қаралды. Еуроодақ төрағасы бұл елдердің Еуропалық Одақтағы критерийлерге сай болу үшін үлкен өзгерістер жасап, кемшіліктерді түзету керек екенін ескертті.

Саммитте сөз сөйлеген Франция президентті Эммануэль Макрон Одақтың Украинаға практикалық көмек көрсеткенін атап өтті.

«Біз жылдам, тарихи маңызды және біртұтас шешімдер қабылдадық. Украинаға макроэкономикалық, әскери, қаржылық қолдау көрсеттік, енді осы саяси қимылмен қолдау білдірудеміз», – деді Франция президентті Эммануэль Макрон. Еске сала кетсек, бұған дейін Еуроодақтың Киевке кандидат мәртебесін бергісі келетіні туралы хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз