БЖЗҚ-ға қосымша 5% жарна төлеу бейресми жұмыс істейтіндерді көбейтеді

32

Зейнетақы қорына қосымша 5% жарна төлеу бейресми жұмыс істейтіндерді көбейтеді. Осылай деген «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қазір бизнестің 5 түрлі төлем жасайтынын айтты.

Бұл – жеке табыс салығы, әлеуметтік төлем, зейнетақы қорына жарна, әлеуметтік сақтандыру мен медициналық сақтандыру қоры. Олардың жалпы жүктемесі 34%. Келер жылдан бастап жұмыс берушілер зейнетақы қорына қызметкер табысының 5% мөлшеріндегі жарнаны өз қаражаты есесбінен төлейді.

Палата өкілдерінің айтуына қарай, талап енгізілсе, кәсіпкерлер жұмысшы жалақысын 5%-ға төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге көлеңкелі бизнеске көшетіндер көбейеді деп қауіптенеді. Олар табысын жасырып жұмыс істейтіндер онсыз да көп деп саналады.

Шынар Оразова