Қажымұқан стадионында матч кезінде ғимараттың шатыры құлады

70

Оқиға бүгін Шымкентте Қажымұқан орталық стадионында футболдан ҚПЛ-дің ОРДАБАСЫ-АҚСУ командары арасында ойын өтіп жатқан кезде болған.

«Ауа райы қолайсыздығы мен қатты желдің салдарынан Қажымұқан стадионы ғимаратының шатыры мінбер жақтан көтерілді. Шатыр көтерілген мінберде көрермендер болмады. Қазір ақау салдарын жойып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Матч тоқтатылды», – деп хабарлады Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Джалилова.