Түркістанда биыл кеңсе тауарлары 50 пайызға қымбаттады

102

Түркістан облысында кеңсе тауарлары 50 пайызға қымбаттады. Бұл ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Energyprom.kz порталының мәліметінше, биылғы шілдеде Қазақстанда кеңсе тауарлары былтырғыдан 12,3 пайызға көтерілген.

Баға шарықтағандардың қатарында Түркістан көш бастаса, Атырау облысы 31,1% бен екінші орында. Ал Ақмолада 14,7%, Алматы қаласында 14,5% ға көтерілді дейді мамандар.

Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері – 14,1, қалам – 13,2, түрлі-түсті қалам жинағы – 12,1, дәптер – 12, А4 қағазы – 10,6 пайызға қымбаттаған.

Мөлдір Ибадуллаева