Түркістанда «Нәтиже» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

33

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл мамыр айынан іске қосылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қабылдау әкім аппараты мониторинг бөлімінің лауазымды тұлғалары мен  дербес бөлім қызметкерлерінен құралған Халықтық кеңсе арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсететін қалалық әкімдіктің 7 дербес бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңес береді.

Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы халықтық кеңседегі жауапты маман кеңес беріп, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, қала әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына тіркеу жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі.

Қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін өтініштер және Фронт-офиске келіп түскен өтінімдер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша консультативтік көмек беру күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін).

Мөлдір Ибадуллаева