Ауыл шаруашылығы техникасын алуға қолдау бар

19

Ауыл шаруашылығы техникасын алуға көмек бар. Елде жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында 989 бірлік техника сатып алынды. Оған 33,6 млрд теңге бөлінген.

Бағдарлама басталғалы 1400-ден аса өтініш түсті. Оған жалпы құны 54 млрд теңге болатын комбайн мен трактор алу ұсынылған. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өтініштердің әлі де түсіп жатқанын айтады. Жақында қалған 6 млрд теңге игерілуі тиіс.

Еске салайын, бастапқы жарнасыз лизинг мерзімі 10 жылға дейін, ал алғашқы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-бен беріледі. Жеңілдетілген несие бағдарламасы 20 жылға есептелген және револьверлік сипатқа ие.