Республикалық маңызы бар жолдарды қыс мезгіліне дайындау жұмыстары пысықталуда

16

Республикалық маңызы бар жолдарды қыс мезгіліне дайындау ісі жалғасуда. Бұл жөнінде жауапты ұлттық компания мәлімдеп отыр.

Биыл жолдарды қардан тазарту үшін қосымша техника да сатып алынып, олардың саны 2 мыңға жетті. 600 техника жалға алынады дейді компания өкілдері. Жанар-жағармай мәселесіне келер болсақ, қыс мезгіліне 4,5 мың тонна дизельдік отын қажет.

Әзірге тек 400 тонна сатып алыныпты. Жалпы Қазақстанда республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жол болса, соның 3 мыңға жуығын жиі қар басады. Биыл бұл учаскелер ерекше бақылауда болады, деп жауаптылар сендіріп отыр.

Айта кету керек, қар құрсауында қалған көлік иелері төтенше жағдайлар қызметінен бөлек ұлттық компанияның 1403 колл орталығына да хабарласа алады. Биыл 9 ай ішінде операторлар 150 мың өтініш қабылдаған екен.