Жер мен мүліктерін заңдастыра алмай жүр

51

Қаланың іргесіндегі «Шаңырақ» шағынауданының бірқатар тұрғындары әділдік іздеп өкілетті және атқару органдарының табалдырығын тоздырып жүр. Туған жеріне оралған қандастар көптен бері жер телімі мен тұрғын үй құжаттарын заң аясында рәсімдей алмай келеді.

Қарлығаш Мырзаханова Өзбекстаннан қоныс аударған. «Шаңырақ» шағынауданы Сайрамның құрамында болғанда осы елдімекендегі азаматтан № 347 учаскенің мемлекеттік актісін сатып алған. Құжаттарды өз атымызға рәсімдеймін деп жүргенде 2011 жылы отағасы қайтыс болады. Енді өзіне келіп, балалары әрекетке көшкенде, ұлы жол көлік апатынан жарақат алады. Сөйтіп жалға алу мерзімін өткізіп алады.

Сапаргүл Құрбаниязова Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. Жаңа тұрғын үйдің құжаттарын жаңалаймын деп жүргенде үйдің иесі қайтыс болады. Қазірде ол үйдің құжаттарын заңдастырма алмай, тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырып жүр.
«Құжаттары бар, шешімі жоқ соны туралап берсе деген ұсынысым бар»,-дейді тұрғын.

Гүлжаухар Қабылбекованың тұрғын үйіне қатысты сот шешімі шығып қойған. Құжатқа сәйкес отбасы үйді босатуы тиіс. Алайда шиеттей бала шағаммен қайда барамын деген көпбалалы ана, бұл жерден өзге барар жер басар тауы жоқ екендігін айтады: «Мемлекеттік госактім бар, техникалық төлқұжаты ол да бар. Барлығын өздері рәсімдеп берген. Олар өздерінің мөрлеріне жауап берсін. Мен 4 баламмен қайда барамын, заңсыз болса».

Әділдік іздеп арызданушылар Астанаға да барып қайтыпты. Айтуларынша президенттің кеңсесіне шағымдарын тіркеп, прокуратураның да қабылдауында болыпты.

Жоғарыдағылар жергілікті органдарға тапсырма беріп, бүгін арыз иелері қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының  орынбасары  Нұрбол Жүнісбековтың қабылдауына арнайы шақыртылыпты. Жауапты  «Шаңырақ» шағынауданындағы мәселеден хабардармыз, соттың шешімі шықты. Барлығы заң аясында болуы тиіс»,-дейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы түрлі мәселелер осылайша шешімін табуда.

Жауапты маманның қабылдауында болған арыз иелері «проблеманың әлі де оң шешілуінен үміттіміз»,- дейді.