«Best Exclusive» әйелдер киім дүкені ерекше тауарлар ұсынады

Шымкенттегі «Best Exclusive» әйелдер киім дүкені – түрлі стиль және ерекше үлгідегі киімнің үлкен таңдауын ұсынады. Дүкендегі еуропалық үлгідегі аксессуарлар мен сапалы аяқ киімдер Түркиядан жеткізіледі. Ал жанға жайлы әрі қайталанбайтын тауарларды елдің түкпір-түкпіріне жеткізу мүмкіндігі де бар.

«Қыздың жасы 18-де» деген ұстаныммен өмір сүретін Фарида Мұхамеднұрова ерекше киінгенді ұнатады. Көп уақыт бойы жанына жақын ерекше киім үлгісін ұсынатын дүкенді іздеген ол, ойындағысын тапқанда өте қатты қуанғанын айтады. Өзгеше стильді ұнататын әйел 6 жылдан бері киімді тек «Best Exclusive» дүкенінен сатып аламын дейді.

Фарида Мұхамеднұрова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен ерекше киінгенді жақсы көремін. Және киімдерім басқаларда қайталанбаса екен деймін. Себебі әр адам – жеке тұлға. Өзгелерден ерекше киінгенде кез келген әйел өзін керемет сезінеді деп ойлаймын. Оның үстіне бұл дүкеннің тауарлары өте сапалы. Бағасы да сапасына сай».

Best Exclusive дүкенінің киімдері тікелей Түркиядан жеткізіледі. Сатып алушылар үшін тауарды сайт немесе әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беріп те сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Дүкеннен тек киімнің ғана емес, аяқ киім мен аксессуардың да эксклюзивті үлгісін табуға болады.

Суфия Мустафи, «Best Exclusive» дүкенінің директоры: «Біздің дүкеннің стилі – барлығына сай келе бермейді, өте ерекше! Мен Қазақстанда жоқ киім үлгілерін әкелуге тырысамын. Біздің тек Шымкентте ғана емес, Қазақстанның барлық қаласынан тұрақты клиенттеріміз бар. Жалпы аксессуарларды Еуропадан әкелеміз, ал негізі тауар Түркиядан келеді. Біздің дүкендегі тауардың басым бөлігі ақ-қара түсті».

Егер жақыныңызға ерекше сыйлық жасағыңыз келсе немесе елден ерек киінгіңіз келсе,
«Best Exclusive» дүкеніне асығыңыз.

Мекен жайы: Т. Рысқұлов даңғылы 2/4.