Өзбекстанда Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

53

Шымкент 2025 жылға қарай елдің туристік орталығына айналады. Аумағы жөнінен республикада ең ірі мегаполисте 45 демалыс аймағы және 120-дан астам қонақүй жұмыс істейді. Алдағы 3 жылда шаһарға келушілер саны 8 миллионға жетеді деп болжанып отыр. Қазір көрсеткіш 1 миллион.

Шымкенттің туристік әлеуеті Ташкентте өткен роуд-шоуда таныстырылды. Жергілікті компаниялар арнайы саяхат турларын ұйымдастыруды ұсынды. Ташкент пен Шымкенттің туризм саласына жауапты мекемелері әріптестік орнатты. Жалпы шекаралас өңірлер барлық салада ынтымақтастығын нығайтып келеді.

Келешекте Түркістан-Шымкент-Ташкент одан әрі Самарқанд, Бұқара бағытында жаңа теміржол желісін іске қосу жоспарда бар. Жүрдек пойыздар жол жүру ұзақтығын едәуір қысқартады.