Қазығұрт ауданында 2 жасар бала жаңбыр суына батып кетті

39

Қазығұрт ауданында үздіксіз жауын-шашын салдарынан жиналған суға 2 жасар бала батып, қаза тапты. Бұл жайт бүгін таңғы сағат 9:30 шамасында орын алған. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін ауладағы суға ойнаймын деп шұңқырға батып кеткен.

Айта кетейік жауын салдарынан Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш ауданында жеке тұрғын үйлер мен 21 аула аумағын су басты. Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды айдау жұмыстары жүргізіп жатыр. Алайда жаңбыр тоқтамаса, әлі де су шаю фактілері тіркелуі мүмкін. Сондықтан ТЖД тұрғындарды сақ болуға шақырды

Талғат Досалиев, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы: «26.10.2022 күні түнімен жауған жауын салдарынан Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш ауданында тұрғын үй ауласына су кіру жағдайы орын алды. Сарыағаш ауданында 2 аулаға су кіріп, 13 уақ малы суға тұншығып өлген. Сонымен қатар, Қазығұрт ауылында қазылған шұңқырға түсіп 2020 жылғы бала қаза тапқан жағдай тіркелді. Қазіргі таңда су қашырту жұмыстары жүргізілуде».