Шымкентте 2023 жылы жаңа оқушылар сарайы пайдалануға беріледі

42

«Нұрсәт» ықшамауданында заманауи оқушылар сарайы салынып жатыр. Жаңа нысан 7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған.

Жобаны салудағы мақсат – оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерге қатыстыру, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту. 3 қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. Онда оқу залдары, акт залы, 35 адамдық асхана бар. Сонымен қатар, 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған.

Қазір 42 пайыз құрылысы аяқталған нысан, келер жылы пайдалануға берілмек.