Елімізде онлайн төлем артып келеді

32
коммуналдық төлемдер өсуде

Қазақстанда онлайн төлем артып келеді. Осыдан 6 жыл бұрын қазақстандықтардың 90%-і төлем карталарындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, содан соң жұмсайтын. Жыл өткен сайын жағдай өзгеріп келеді.

Мәселен, биыл банкоматтардан 16 трлн. теңге алынған. Бұл азаматтарға тиесілі қаржының тек 18%-і ғана. Мамандардың есебінше, елде 70 млн-ға жуық банк картасы тіркелген. Яғни, әрбір қазақстандықта оның 2-3-еуі бар. 9 айда жалпы көлемі 72 трлн теңгеге транзакция жасалды. Бұл былтырғыдан 44 процентке көп.

Төлемнің 80 проценті интернет арқылы жүзеге асты. Қаржылық сарапшылардың сөзінше, еліміз қолма-қол ақшасыз төлем бойынша көш басында тұр. Биыл оның үлесі 82 %-ке жетті. Үздіктер қатарында мегаполистер.