«ҚазАвтожол» мен РОСНАНО меморандумға қол қойды

27
Бұл ауданның балалары көшеге шықпайды. Себебі, есік алдындағы жәй ғана жол емес. Бақандай "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автодәлізі.

«ҚазАвтоЖол» мен РОСНАНО арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды.Тараптар автожол саласын дамыту және инновациялық технологияларды енгізу аясында ұзақмерзімді ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында Алматы өңіріндегі «Бұрылбайтал-Күрті» республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде «РОСНАНО» — «Құрылыс саласындағы жаңа технологиялар» портфельдік компаниясы өндірген «Эладорм» асфальтбетон қоспаларына арналған модификатор сынақтан өтуде.Соңғы 5 жылда ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы республикалық автожолдар желісінің 100-ден астам учаскесінде 80-ге жуық түрлі жаңа технологияны сынақтан өткізді.