Шымкентте спорттық үйірмеге баратын бала саны 16 мыңнан асты

17

Шымкентте спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша корпус және Бозарық шағынауданында ауыр атлетика спорт кешені мен «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ағымдағы жылы спорттық үйірмелермен жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 16 мыңнан астам бала қамтылды.

Ал жоғары спорттық жетістіктер бойынша қала спортшылары Қазақстан Республикасының, Азия, Әлем чемпионаттарында 688 алтын, 605 күміс және 641 қола медальдеріне ие болды. Футболдан әйелдер клубының «Шымкент – БИІК» командасы осы жылы да 11-ші рет ҚР чемпионы атанды.