Шымкент ардагерлері «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС тазарту ғимараттары кешенімен танысты

Қалалық ардагерлер кеңесі Шымкенттің бірегей кәріз-тазарту кешенінің жұмысымен танысты. Ардагерлерге кешеннің жұмыс барысы, кәріз ағынын өңдеу кезінде қолданылатын технологиялар және жалпы кәсіпорын қызметі туралы айтылды. Сонымен қатар, қариялар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ұйымдастырған семинарға қатысты.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Шымкент ардагерлеріне кәсіпорын нысандары бойынша арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды. Қонақтар алдымен мекеменің жұмысымен, сондай-ақ, кәріз-тазарту ғимараттары кешенімен танысты. Нақтырақ айтқанда, еңбек ардагерлеріне кәріз ағынын өңдеу кезінде қолданылатын технологиялар мен жалпы кәсіпорын жұмысы туралы айтылды.

Тазарту кешеніне алғаш рет келген Шымкент ардагерлері көптеген жаңа ақпаратпен танысып, сауалдарына жауап алды. Бірегей кешеннің жұмысын бағалап, өз әсерлерімен бөлісті.

Намазбай Орманов, Еңбек ардагері: «Жақсы дамыған технология-бәрі қайта өңделеді және бәрі өте ұтымды қолданылады! Пайдаланылған тұнба тыңайтқыштарға, ал тазартылған су техникалық дақылдарды суаруға кетеді. Бұл өте маңызды, өйткені жақын арада су тапшы болады».

Тазарту қондырғылары кешенін аралағаннан соң, қалалық ардагерлер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басқармасындағы семинар-кеңеске қатысты.