Тыңайтқыштың үлесін ұлғайту арқылы жоғары өнім алу

29
Арыста егіс алқабының көлемі ұлғайды
Жоғары өнім алу үшін биыл тыңайтқыштың үлесін екі есе ұлғайтып, жалпы көлемін 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу қажет. Ауыл шаруашылығы министрінің  айтуынша, бұл өнімділікті орташа 3-5 ц/га дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Айдарбек Сапаров ресейлік астықтың Қазақстан нарығына және біздің ауыл шаруашылығы тауарларыныңі өнімі үшін дәстүрлі экспорттық нарықтарындағы жоғарғы үлесінің басты себебі ресейлік өнімдердің арзандығы екенін айтты. Ал қазақстандық диқандар орташа есеппен 9-10 ц/га өнім алып отыр. Түсімді арттыру үшін агротехнологияларды қолдану қажет.
«Ауыл шаруашылығы саласының негізгі ресурстарының бірі – минералды тыңайтқыштар. Мысалы, Еуропа елдерінде әр гектарға 250 кг-нан астам, Беларусьте 120 кг, Ресейде бұл көрсеткіш гектарына 55-60 кг аралығын қамтиды, ал Қазақстанда қоректік заттар орта есеппен 1 гектарға 10 кг-ға жетпейді», – деді ол.
Министрдің айтуынша, республика бойынша тыңайтқыштарды енгізу көлемі әр аймақта әртүрлі. 2023 жылдың аяғында 5,6 миллион гектар егістік алқабын құрайтын Қостанай облысы небәрі 54 мың тонна тыңайтқыш пайдаланған. Қостанайға қарағанда егіс көлемі 1,2 миллион гектарға аз Солтүстік Қазақстан облысы 190 мың тонна, яғни, 3,5 есе көп тыңайтқыш жаратқан.
«Өз тарапынан, ауыл шаруашылығы министрлігі сұраныстың артуы кезінде тыңайтқыштар бағасының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін жұмыс істеуде», – деді министр.
Айдарбек Сапаров субсидиялар отандық өндіруші зауыттар мен қаржы институттарына («Қазагрофинанс» АҚ) алдын ала тікелей төленетінін түсіндірді. Фермер үшін бұл ыңғайлылық пен жеңілдетілген баға болса, ал зауыт үшін олардың тауарларын сатудың кепілі болады.
Бұл ретте импорттық тыңайтқыштарды таңдаған фермерлер де мемлекеттік қолдауға ие болады, олар үшін субсидиялау шарттары мен мемлекеттік қолдау алу форматы бұрынғысынша қалады.