Қапал батыр ескерткіші жуылып, айналасы абаттандырылды

33

«Киелі мекен» акциясы әлі де жалғасын тапты. Еңбекші аудандық коммуналдық қызметкерлері Қапал батыр ескерткішін жуып, айналасындағы ағаштарды қалыпқа келтірді. Тазалық жұмысына 150 маман мен 4 техника жұмылдырылған.

«Қазір Бадам өзені бойы, ішкі көшелер, мазараттар маңы тазаланып жатыр. Әр апта сайын сенбілік өтіп жатыр. Қазір қаланың тазалығы жақсы, мәдениет те қалыптасқан. Бұрынғыдай қоқыстар аяқ асты жатқан жоқ. Тұрғындарды барынша осы тазалыққа шақырамын», – дейді Еңбекші ауданы әкім аппараты қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Пернебек Айтжанов.

Ал Қаратау ауданында Мірәлі ата кесенесінің маңы тазаланды. Онда белсенді азаматтар мен мамандар жиналып, тарихи орынды артық қоқыстан тазартып, нысанды сырлау-ақтау жұмысын жүргізді.