Ғарышқа билет құны 3,8 миллион доллардан асты

Ғарышқа билет құны 3,8 миллион доллардан асты
Фото: foxbusiness.com

Миллиардер Джефф Безос ұшатын Blue Origin компаниясының New Shepard ғарыш кемесіне билеттің бағасы ашық аукцион кезінде 3,8 миллион доллардан асты. Бұл туралы компанияның сайты мәлімдеді.

Әлемнің 143 елінен 6 мыңнан астам үміткер Amazon құрылтайшысымен бірге кемеге орын алу аукционына қатысты.

Джефф Безос 20 шілдеде ғарышқа ұшады

Blue Origin аэроғарыш компаниясы 2020 жылдың 20 шілдесінде экипажымен бірге New Shepard суборбитальды рейсіне қатысуға өтінімдер жіберді. Ставкалардың тікелей трансляциясы компанияның сайтында жүргізіледі.

Аукционға тіркелу 10 маусымда 17:00-де (Шығыс Еуропа уақытымен) басталады. Аукцион  12 маусымда онлайн режимде өтеді.

Аукционның жеңімпазы Батыс Техастағы Blue Origin ұшыру алаңында үш күндік дайындықтан өтіп, Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа ұшады.

Blue Origin-нің New Shepard ғарыш кемесінен ұшырылуы борттағы адамдармен бірге алғашқы рейс болатынын атап өткен жөн.

New Shepard ғарыш кемесі Жер бетінен шамамен 104 шақырым биіктікте көтеріледі. Бір рейстің ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды.

Еске салайық, былтыр Blue Origin компаниясы ғарышқа ұшуға арналған жолаушылар капсуласын алғаш рет ұсынған болатын. Бас директор Джефф Безос бортында туристері бар New Shepard зымыран тасығышының 20 шілде ұшатынын мәлімдеп, ғарыш кемесіне билеттер сатыла бастайтынын мәлімдеді. Бұған дейін ғарышқа билет құны 2,8 миллион долларды құраған.

Т. Раушанұлы