Діни әдебиеттер мен материалдарды ел аумағына заңсыз әкелгендер жазаланды

Діни әдебиеттер мен материалдарды ел аумағына заңсыз әкелгендер жазаланды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері полицейлер діни қызмет саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты 19 деректі анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЭҚІҚБ бастығы Дулат Діркеновтің айтуынша, 2024 жылдың басынан бері діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы басқа да материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, жариялауға және (немесе) таратуға қойылатын талаптар сақталмауына қатысты құқықбұзушылықтар анықталған. Мамандандырылған әкімшілік соттардың шешімімен 18 адам жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңының 9-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана әкеле алады. Діни қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар құқықбұзушылық субъектілері ретінде жауапкершілікке тартылады. Ақшалай айыппұл түріндегі жаза, қызметті тоқтата тұру және т.б. қарастырылған,"  – деп толықтырды Дулат Діркенов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова