Уағыз кезінде ер адам діни қызметкерге пышақпен шабуыл жасады

Уағыз кезінде ер адам діни қызметкерге пышақпен шабуыл жасады
Фото: TheInsiderPaper/X

Сиднейде ер адам уағыз кезінде діни қызметкердің беті мен мойнын пышақпен жарақаттады. Епископ бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "news18.com" сілтеме жасап.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, епископ Мар Мариге Сиднейдің Уэйкли ауданындағы Ассирия христиан шіркеуінде уағыз кезінде шабуыл жасалды. Шіркеу қауымы оған бірден көмекке жүгірді, салдарынан үш адам жарақат алды.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Полиция ер адамды тұтқындады. Тәртіп сақшылары ер адамның шабуыл жасауына не түрткі болғанын жария етпеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә