"Батыстың балалары бетке айтады ғой". Оралдық балалар депутаттарды әзілімен әбден састырды

Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Оралдық балалар депутаттармен әзілдескен видеосы таралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов, Нартай Аралбайұлы, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршиннің балалармен кездескен сәті түсіп қалған. Бейнежазбаны депутат Абзал Құспан өз парақшасында жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абзал Құспан (@abzalkuspan)

"Депутаттар деген кілең iPhone 15 ұстайтын болған ғой", - деді балақай.

Желі қолданушылары "батыстың балаларына дейін бетке айтады ғой", "мәз ғой, су алып жатыр деген бұлар жоқ тойға келгендей", "шаршап жүрген ағаларын бір күлдірді", "қандай қарапайымдылық, депутат деген осындай болу керек", "тфәй-тфәй, қазіргі ұрпақ пысық", "Тұрсынбектің інілері ғой" деп жазды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы