Су тасқыны аймақтарына төрт мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

Су тасқыны аймақтарына төрт мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді
Фото: ТЖМ

Зардап шеккен өңірлерге 4 529 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, зардап шеккен өңірлерге темір жол, автомобиль көлігі және әуе кемелері гуманитарлық көмегін жеткізген.

Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 118 116 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 44 241 бала. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 656 адам үйлеріне оралды. Қауіпсіз жерге 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. Эвакопункттерде 8 850 адам қалады, оның ішінде 3 948 бала.

"4 274 тұрғын үй мен 2 719 аула аумағынан су бөлінді. 10,3 млн текше метрден астам еріген су айдалды, 3,3 миллионнан астам қапшық және 1,4 миллион тонна инертті материал төселді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 009 жеке тұрғын үй мен 1 109 аула аумағы су астында қалды",-деді Динара Нұрғалиева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә