Қазақстандық мәдениет қайраткерлер Қырғызстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Қазақстандық мәдениет қайраткерлер Қырғызстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Фото: Коллаж

Қазақстандық мәдениет қайраткерлер Қырғызстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

  • "Қырғыз Республикасының Халық әртісі" құрметті атағы композитор Алтынбек Қоразбаев пен әнші Роза Рымбаеваға;
  • "Данакер" ордені мәдениеттанушы Мұрат Әуезов пен ақын Мұхтар Шахановқа;
  • "Достук" ордені әдебиеттанушы, журналист Сауытбек Әбдірахманов, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбеков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы Жансейт Түймебаевқа;
  • "Даңк" ордені Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұловаға;
  • "Даңк" медалі "Таң-Шолпан" көркем-әдеби журналының редакторлар кеңесінің төрағасы Дидар Құлкеновке берілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек