Жазда қай өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін?

Жазда қай өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін?
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова еліміздің қай өңірлерінде қуаңшылық болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандар 2024 жылды болжау үшін 2001 және 1994 жылды қарастырған.

"2001 болған жауын-шашын туралы айта өткен жөн. Мәселен, сол жылғы нақты көрсеткіште жауын-шашын мөлшері біз күткеннен аз болған. Осыны ескеріп, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын мөлшері аз болады деп болжанып отыр, ал қалған облыстарда жауын-шашын мөлшерін норма шамасында болады. Шілде мен тамызда Оңтүстік-батыс, Орталық және Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын аз болуы мүмкін",- деді Исабекова Астана өткен брифингте.

Сарапшының сөзінше, 2001 жылғы ауа райы 1 және 5 градус нормадан жоғары болған. Ал биыл 1-2 градус қана жоғары болады деп күтіліп отыр.

"1994 жылы маусымға келер болсақ, бұл жылы ауа температурасы болжамға қарағанда әлдеқайда ыстық болған. Сол себепті биыл елімізде ауа темперетурасы 1-2 градус жоғары болады деп отырымыз. Сонымен қатар, биыл маусымда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанып отыр", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" жазда елімізде өрт қаупі жоғары болатынын айтқан еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев