Баланың ойы далада... Қарағанды облысында кейінгі екі аптада 5 бала терезден құлап, жарақат алды

Баланың ойы далада... Қарағанды облысында кейінгі екі аптада 5 бала терезден құлап, жарақат алды
Фото: elements.envato.com

Қарағанды облысында кейінгі екі аптада 5 бала терезден құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жыл сайын терезен құлаудың 20 шақты жағдай тіркеліп, 1 отбасы қайғыдан қан жұтатын көрінеді.

Қарағанды облысында былтыр 25 бала терезеден құлап, 23-і жарақат алған. Ал 3-еуі қаза тапқан. Бұл сандар жылдар бойы қайталанып келе жатқанын ескерсек балалар үшін қауіп әлі де бар. Тіпті биыл сәуір келгелі 5 бала терезеден құлап, түрлі жарақаттар алған. Кішісі не бәрі 2 жаста.

"Жыл сайын мұндай оқиғалар қайталанып тұрды. Бұл жолы жиілеп кетті. Ата-аналар терезесін ашып, балаларын қараусыз қалдырады. Ақыры осындай қайғылы жағдайларға алып келеді. Балалардың барлығы аман қалды. Тиісті көмек көрсетіліп жатыр", - деді облыстық травматология қызметінің ахуалдық орталығының басшысы Ерік Шонбаев

Терезеге қауіпсіздік құрылғыларын орнататын мамандардың көмегіне жүгінетіндер аз екен. Тұрғындар қайғылы жағдайға тап болғаннан кейін, қолын мезгілінен кеш сермеп жатады дейді мамандар.

"Баланың өмірі ақшамен саналмайды ғой. Ең қымбаты 6-7 мың болса, бала одан қымбат шығар", - дейді мамандар.

Ал ең арзаны 2 мың теңге. Орнату да аса қиын шаруа емес. ТЖ қызметкерлері де қолдан келгенше ескертулер жасап, құлақтандырып жатқандарын айтады. Бірақ апат азайып жатқан жоқ.

"Департамент қызметкерлерімен бірге алдын алу шаралары жүргізіліп отырады. Ата-ананың қауіпсіздік мәселесіне байланысты қазіргі кезде әр түрлі алдын алу шараларын ұйымдастыруға болады. Барық терезеге емес, арнайы тор орнатылған жерге қойса болады", - облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Нұржан Жақатаев.

Терезеге орнатылатын қондырғылар 90 пайыз апаттың алдын алады дейді мамандар. Ауа райының жылынғанын ескерсек, мұндай оқиғалар әлі де қайталануы мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz